Бір апта бұрын өткен бірінші матчтағы 1:0 есебімен жеңіс «Астанаға» еурокубоктің келесі раундына шығуға жақсы мүмкіндік берді. Ертең Астанада Конференциялар Лигасының бірінші іріктеу раундындағы жауап матчта қазақстандық клуб албаниялық «Динамо Ситимен» кездеседі, деп хабарлайды 24KZ сайты.
Қазақстандық ұжым сырт алаңдағы минималды жеңіспен турнирдегі күресті жалғастыруға берік іргетас қалады. Енді команда бұл артықшылықты өз алаңында қорғауы керек.


