Астананың бірнеше ауданында 23-25 қыркүйек аралығында жоспарлы түрде электр жарығы өшіріледі. Шектеу Есіл, Нұра, Алматы, Сарыарқа және Байқоңыр аудандарына қатысты болады, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Есіл ауданында жарық 23 қыркүйектен бастап 25 қыркүйекке дейін сағат 08.30-дан 16.00-ге дейін мына мекенжайларда болмайды: Шұбары тұрғын алабы, Босаға, Хлудов, Меркі, Мақатаев, Космонавттар, Балауса және Наркескен көшелері.
Нұра ауданында электр жарығы 23 қыркүйекте сағат 08.30-дан 16.00-ге дейін Қараөткел тұрғын алабында, сондай-ақ Ақкербез, Ақжелең, Таңбалытас, Аягөз және Қазанат көшелерінде өшіріледі.
Алматы ауданында сағат 09.00-ден 12.00-ге дейін Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы, Берімжановтар көшесі, Ақтоған, Алқоңыр, Сүтбұлақ, Бозшолақ және Кертолғау тұйықтары, сондай-ақ Ахметбеков көшесі жарықсыз қалады. Сағат 13.00-ден 16.30-ға дейін Ш. Құдайбердіұлы даңғылының 8, 10 және 12-үйлерінде және І. Жансүгіров көшесінің 10/1, 10/2 және 10-үйлерінде электр жарығы болмайды. Сағат 08.00-ден 16.30-ға дейін Абылай хан даңғылының 21/1, 21/1А, 27/1, 25/2, 25/1, 25, 33 және 27А-үйлерінде өшіріледі.
Сарыарқа ауданында жарық сағат 09.00-ден 11.00-ге дейін Тлендиев, Тұрлыбаев, Босбиік, Жайлыма және Сейдалин көшелерінде болмайды.
Байқоңыр ауданында сағат 09.30-дан 18.00-ге дейін «Парасат», «Вишневый сад», «Связист», «Березка», «Экспресс», «Экспресс-2» және «Ивушка» саяжай алаптарында электр жарығы өшіріледі. Сағат 09.00-ден 16.30-ға дейін Вячеславский көшесі мен Қыранқия тұйығының тұрғындары жарықсыз қалады. Сағат 09.00-ден 10.00-ге дейін Республика даңғылының 2/1, 2/2, 2/3, 2/4, 4, 4/1, 4/2, 4/3, 6, 6/1-үйлерінде, Бараев көшесінің 1-үйінде және Ғабдулин көшесінің 1-үйінде өшіріледі.
Есіл ауданында электр жарығы сағат 08.30-дан 16.00-ге дейін Түркістан көшесінің 8, 8/2 және 8/1-үйлерінде өшіріледі.
24 қыркүйекте Сарыарқа ауданында жарық сағат 08.00-ден 16.30-ға дейін мына мекенжайларда болмайды: Қараменде би Шақаулы көшесі, 64-үй, Дәулеткерей көшесі, 8, 10-үйлер және жеке сектор, Абайдың 150 жылдығы көшесі, Тлендиев даңғылы, Ақпаев, Садовая, Арықты, Тұрлыбаев, Радлов, Ерзакевич, Келешек, Айсары көшелері, Қаражорға тұйығы, Мұзбел тұйығы және Тополиная көшесі.
Байқоңыр ауданында сол уақытта өшіру Жетісай тұйығына, Үндертас тұйығына және Малахов көшесіне қатысты болады.


