Елордада төтенше оқиға болды: футбол алаңында жаттығу кезінде кәмелетке толмаған спортшының үстіне қақпа құлады. Оқиға кеше болды, зардап шеккен бала дереу ауруханаға жеткізіліп, қажетті көмек көрсетілуде, деп хабарлайды infohub.kz.
Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) ресми мәлімдеме жасап, бұл оқиғаға байланысты қатты алаңдаушылық білдірді. Федерацияның сайтында жарияланған мәтінде трагедия жеке футбол мектебі жаттығу өткізу үшін жалдаған алаңда болғаны айтылған.
«Алдын ала ақпарат бойынша, жаттығу кезінде баланың үстіне футбол қақпасы құлады. Зардап шеккен адам медициналық мекемеге жеткізіліп, қажетті медициналық көмек көрсетілуде», — делінген ҚФФ мәлімдемесінде.
Федерация бала мен оның отбасына қиын сәтте толық қолдау көрсететінін жеткізді. Сонымен қатар, ҚФФ нысан мен жабдықтың техникалық жағдайына ішкі тексеру бастап, оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Федерация өкілдері оқиғаның себептерін анықтауда құзырлы органдарға толық жәрдемдесуге дайын екенін атап өтті.
«Қазіргі уақытта ҚФФ оқиғаның барлық мән-жайын анықтап, нысан мен жабдықтың техникалық жағдайына ішкі тексеру жүргізуде. Федерация сондай-ақ барлық қажетті ақпаратты ұсынуға және оқиғаның мән-жайын анықтауда құзырлы органдарға жәрдемдесуге дайын», — деп қосты баспасөз қызметі.


