Астанада Байқоңыр ауданындағы базарда, Ш. Жиенқұлова көшесінде орналасқан тандырханада газ жарылысы болды. Салдарынан үш адам зардап шекті, деп хабарлайды infohub.kz.
Алдын ала мәліметтер бойынша, жарылыс көлемі 50 литр болатын композиттік газ баллонының бүлінуінен болған.
«Құтқарушылар үш зардап шеккен адамды тапты. Олардың барлығы қажетті көмек көрсету үшін медициналық мекемеге жеткізілді. Жарылыстан кейін төбе жабыны мен есік ойығының бір бөлігі құлады», — деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Ведомство мамандары оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтап жатыр.


