Астанада полицейлер қоғамдық көлік жүргізушісімен жол жанжалын туғызған Hyundai көлігінің жүргізушісін анықтап, ұстады, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Оқиға бейнежазбаға түсіп қалды: куәгерлер ер адамның автобус жүргізушісіне қатысты агрессивті әрекетін түсіріп алған.

Полиция мәліметінше, ер адам автобус жолағына тоқтап, қозғалысқа кедергі жасаған. Содан кейін ол агрессивті мінез танытып, автобус әйнегіне бірнеше рет соққы жасап, былапыт сөздер айтқан.

Бұзақы 27 жастағы Алматы облысының тумасы болып шықты.

Оған қатысты ұсақ бұзақылық бойынша әкімшілік іс қозғалып, сот шешімімен 10 тәулікке қамауға алынды.

«Сонымен қатар, ер адамның борыштық міндеттемелерін орындамауына байланысты көлік құралын басқару құқығы уақытша тоқтатылғанына қарамастан, көлікті басқарғаны анықталды. Сондай-ақ қозғалысқа қасақана кедергі жасау және тоқтау ережелерін бұзу сияқты бірқатар басқа да жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілері тіркелді. Осы фактілер бойынша ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды», — деп қосты полицияда.