Қазақстан астанасында Hyundai Palisade көлігінің жүргізушісі биылғы жылы жол қозғалысы ережелерін 306 рет бұзған, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Астана прокуратурасының мәліметінше, мониторинг барысында жол ережелерін жүйелі түрде елемейтін жүргізуші анықталды. Оның 169 бұзушылығы белгіленген жылдамдықты асыруға, ал 134 жағдайда автобус жолағымен жүруіне байланысты.
Айта кетейік, биылғы жылдың 3 мамырында бейнебақылау камералары көліктің Ұлы дала даңғылымен сағатына 137 шақырым жылдамдықпен өткенін тіркеген.
Қоғамдық қауіптілігі мен бұзушылықтардың жүйелілігін ескере отырып, сот жүргізушінің әрекетін ұсақ бұзақылық деп бағалап, оған 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасын тағайындады.
Прокуратурада бұл тәжірибе прокуратура мен полиция органдарының сот тәртібіндегі үйлестірілген жұмысы аясында жүзеге асырылып, жауапкершіліктің бұлтартпастығы қағидатын қамтамасыз етуге және жолдардағы қауіпті мінез-құлықтың ең ауыр түрлеріне жол бермеуге мүмкіндік беретінін атап өтті.
Жүргізушілер жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырылды.


