Астанада 31 жастағы елорда тұрғыны ұсталды. Ол бұрын күзетші болып жұмыс істеген нысаннан 21 млн теңге тұратын электр кабелін ұрлауға күдікті, деп хабарлайды infohub.kz.

Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Күдікті нысанның құрылымын, күзет жүйесін және материалдық құндылықтар сақталатын орынды жақсы білгені анықталды. Осы білімін пайдаланып, ұрлық жасаған. Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», — делінген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің хабарламасында.