19 және 20 шілде күндері Астанадағы Ұлы Дала даңғылы мен Р1 көшесінің қиылысында жол төсемін жөндеуге байланысты көлік қозғалысы ішінара шектелетінін infohub.kz хабарлайды.

Астана қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының мәліметінше, аталған учаскеде жөндеу жұмыстары жүргізілуде, сондықтан жолдың бір бөлігі жабылады.

Елордалық жүргізушілер мен қала қонақтарына бағыттарын алдын ала жоспарлау, қозғалысты ұйымдастырудағы өзгерістерді ескеру және мүмкіндігінше айналма жолдарды пайдалану ұсынылады.