Астанадағы тұрғын үйдің кәрізінен нәресте табылды. Бұл жергілікті тұрғындарды таң қалдырды. Анықталғандай, үйдің жанындағы қонақ үйге келген бір әйел бөлмеде босанған соң, нәрестені ортақ кәрізге тастаған, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
«Осы жерге келген бір әйел бөлмедегі дәретханада босанды да, баланы кәрізге итеріп жіберді (кәріз бізде ортақ). Кішкентай 6 айлық тірі қыз бала», — деп жазды tatarovna_ атты қолданушы Threads әлеуметтік желісінде.
Әйелдің айтуынша, түнгі сағат үште оны көршісі оятқан. Көршісі кәрізден бала табылғанын айтып, үйден шығып, қылмыстық іздестіру қызметкерлеріне көмектесуді өтінген. «Келген қызметкерлер бірден сұрады, тұрғындардың арасында кімнің істегеніне күдігіміз бар ма? Біз ешкімге күдік жоқ, бұл 100% қонақ үй келушілері деп жауап бердік», — деп қосты жазба авторы.
Тұрғынның айтуынша, қонақ үй тұрғын үйге тым жақын, құрылыс нормалары бұзыла салынған. Әр түні ашық терезелерден қатты айғай мен шу шығады, оны ересектер ғана емес, балалар да естиді. Аудан тұрғындары бірнеше жыл бойы шағымданып келеді, бірақ жағдай өзгермейді.
Астана қалалық полиция департаментінің мәліметінше, кәрізде нәрестенің табылуына байланысты «Алматы» аудандық полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеуді бастады. Қылмыстық іс аясында тергеу-жедел шаралар жүргізіліп, сот сараптамалары тағайындалды. Осы қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысы бар адам анықталды.


