Астана тұрғыны әлеуметтік желіде қорлаған әйеліне айыппұл төлейді. Амнистия заңының арқасында негізгі жаза тағайындалмады, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Сот баспасөз қызметінің мәліметінше, Астанада Л.-ға қатысты үкім жарияланды. Ол Ж.-ны қорлады, оның ар-намысы мен қадір-қасиетін түсіретін сөздер айтты деп айыпталды.

Хабарламада: "Айыпталушы Л. әлеуметтік желіні пайдаланып, жәбірленуші Ж.-ға оның ар-намысы мен қадір-қасиетін түсіретін қорлайтын сөздер айтқан. Сот отырысында Л. кінәсін мойындап, жәбірленушіден кешірім сұрауға дайын екенін білдірді және азаматтық талапты ішінара мойындады. Қорлайтын сөздер фактісі бейнежазбаны психологиялық және филологиялық зерттеу нәтижелері бойынша маманның қорытындысымен расталады", - делінген.

Жәбірленуші Ж. айыпталушыны кешірмейтінін мәлімдеп, оған заңда көзделген жазаны тағайындауды сұрады, жұмсалған шығындарды өндіру және моральдық зиянды өтеу туралы азаматтық талапты қолдады. Баптың санкциясы 200 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстары не 180 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны көздейді.

Сот Л.-ға 30 АЕК мөлшерінде айыппұл тағайындады, бұл 129 750 теңгені құрайды. "ҚР жаңа Конституциясының қабылдануына байланысты амнистия туралы" заңының арқасында айыпталушы негізгі жазадан босатылды.