Астанада 26 жастағы ер адам Бауыржан Момышұлы даңғылындағы тұрғын үйлердің бірінде лифт есігін бүлдірді. Ол түнде есікті бірнеше рет аяғымен тепкен, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға түнде болған. Жас жігіт мас күйінде болған.
«Түнде ер адам мас күйінде лифт есігін аяғымен тепкені, ортақ пайдаланыстағы мүлікті бүлдіргені анықталды. Полицейлер бұзақыны анықтап, ұстады. Ол 26 жастағы ер адам болып шықты. Қоғамдық орында мас күйінде көріну, тыныштықты бұзу және ұсақ бұзақылық фактілері бойынша оған заңда көзделген шаралар қолданылды», — делінген полиция департаментінің хабарламасында.
Полицияның мәліметінше, сот шешімімен ер адамға 5 тәулікке әкімшілік қамау жазасы тағайындалды. Сонымен қатар бұзақыдан келтірілген материалдық шығын өндіріледі.


