Екі жігіттің алғашқы «жұмыс» күні тұтқындалумен және нақты жазамен аяқталды: олардың әрқайсысы 4 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

NUR.KZ агенттігі Ақмола облысы полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлағандай, синтетикалық есірткі тарату арқылы табыс таппақ болған 23 жастағы екі қазақстандықты алғашқы партияны алған соң бірден ұстаған.

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, жастар жаңа «жұмысты» Telegram арқылы тапқан. Астанада жүріп, олар куратормен байланысып, нұсқаулық пен есірткі салынған тайниктің координаттарын алған.

Аталған мекенжайға — Ақмола облысындағы Тайтөбе ауылының маңына — олар көлікпен барған. Алайда партияны алып, есірткі таратуға кірісуге үлгермеді: «закладканы» алған соң бірден есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесінің қызметкерлері ұстап алды. Тінту барысында полицейлер бір килограмнан астам синтетикалық есірткі тәркіледі.

Сотта айыпталушылардың кінәсі толық дәлелденді. Бастапқыда олардың әрқайсысына 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Алайда рақымшылық қолданылуына байланысты түпкілікті мерзім 4 жыл 8 айға бас бостандығынан айыру болып белгіленді.