Астанада 46 жастағы әйел үшін көлік жүргізу ауыр салдарға әкеп соқты: сот оны көлік құралын басқару құқығынан жеті жылға айырып, әкімшілік қамауға алды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
NUR.KZ-тің елордалық Полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлауынша, полицейлер мас күй белгілері бар әйел басқарған Hyundai көлігін тоқтатқан. Көлік Жұмабаев даңғылымен Қошқарбаев көшесіне қарай келе жатқан.
«Құжаттарын тексеру кезінде 46 жастағы әйел жүргізушіден ащы алкоголь иісі шықты. Осыған байланысты оны медициналық куәландыруға жеткіздік. Медициналық куәландыру нәтижесі бойынша жүргізушінің жеңіл дәрежедегі алкогольдік масаң күйде болғаны анықталды», — делінген хабарламада.
Сот қаулысы бойынша әйел көлік құралын басқару құқығынан 7 жылға айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
«Полиция мас күйде көлік жүргізудің жол қозғалысының барлық қатысушыларының өмірі мен қауіпсіздігіне қатер төндіретінін ескертеді. Полицейлер жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және ешбір жағдайда мас күйде рөлге отырмауға шақырады», — деп қосты полицияда.


