Астанада полиция қызметкерлері Тұран даңғылында Mitsubishi автокөлігін тоқтатты. Көлік рөлінде 37 жастағы ер адам болған, тексеру оның мас күйде болғанын көрсетті. Бұл туралы infohub.kz сайты хабарлайды.
Астана полиция департаментінің мәліметінше, медициналық куәландыру жүргізушінің орташа дәрежедегі алкогольдік мас күйде болғанын анықтады.
«Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, ер адамның орташа дәрежедегі алкогольдік мас күйде болғаны анықталды. Осы дерек бойынша құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 6-бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен ол 15 тәулікке қамалды, ал автокөлік коммуналдық тұраққа қойылды», — деп хабарлады полицияда.
Ведомство азаматтарға жол жүрісі ережелерін қатаң сақтау және көлік құралдарын мас күйде басқаруға жол бермеу қажеттігін еске салды.
«Мұндай әрекеттер адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіріп қана қоймай, заң алдында қатаң жауапкершілікке әкеп соғады», — деп қосты полицияда.


