Астана мен Алматыда алдағы үш күнде ауа райы күрт өзгереді. Астанада қарлы боран күтілсе, Алматыны қалың тұман басады. Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Астанадағы ауа райы

31 қаңтар: Аспан бұлтты, кейде аздап қар жауады. Түнде -20...-22°C, күндіз -7...-9°C. Жел оңтүстік-шығыстан 1-6 м/с, күндіз 5-10 м/с.

1 ақпан: Бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде -15...-17°C, күндіз -3...-5°C. Жел оңтүстік-шығыстан 5-10 м/с.

2 ақпан: Бұлтты, күндіз қар жауып, боран соғады. Түнде -15...-17°C, күндіз -8...-10°C. Жел шығыстан 9-14 м/с.

Алматыдағы ауа райы

31 қаңтар: Бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Түнде -3...-5°C, күндіз +2...+4°C. Жел оңтүстік-батыстан 2-7 м/с.

1 ақпан: Бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Түнде -2...-4°C, күндіз +3...+5°C. Жел оңтүстік-батыстан 2-7 м/с.

2 ақпан: Бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Түнде -2...-4°C, күндіз +5...+7°C. Жел оңтүстік-батыстан 2-7 м/с.

Қазақстанға жылу келеді

Синоптиктердің айтуынша, алдағы күндері Қазақстанның көп бөлігін атмосфералық фронттар басып алады. Солтүстікте суық болса, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста жылу күтіледі.