Астанада полицейлер құны шамамен 4 млн теңге тұратын Mercedes-Benz 200E көлігін заңсыз иемденді деген күдікке ілінген 35 жастағы ер адамды анықтап, ұстады, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Ішкі істер министрлігінің ведомстволық сайты хабарлағандай, алдын ала деректерге қарағанда, ер адам ұйымға жүгініп, көлікті ұзақ мерзімге жалға алған. Біраз уақыт көлікті пайдаланған ол қайтару мерзімі келген соң компания өкілдерімен байланысуды тоқтатқан.

«Алдын ала деректерге қарағанда, ер адам ұйымға жүгініп, көлікті ұзақ мерзімге жалға алған. Біраз уақыт көлікті пайдаланған ол қайтару мерзімі келген соң компания өкілдерімен байланысуды тоқтатқан», — деді полицияда.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер жалға алынған көліктің сатылғанын анықтады. Күдікті тұрғылықты жерінде ұсталды.

Қазіргі таңда ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

«Мүлікті жалға беру кезінде құжаттар мен шарттарды мұқият тексеру қажет, ал күдікті жағдайлар туындаса, дер кезінде полицияға хабарласу керек», — деп еске салды ІІМ азаматтар мен ұйым өкілдеріне.