Астанадағы «Нұрлы жол» теміржол вокзалында кондиционерлердің жұмыс істемеуіне байланысты жолаушылар шағымданғаннан кейін, «Қазақстан темір жолы» компаниясы кондиционерлеу және желдету жүйелеріндегі ақаулықтарды мойындады. Бұл туралы infohub.kz сайты хабарлайды.
Threads әлеуметтік желісінің бір қолданушысы ашулы хабарлама жариялап, онда: «Астана, «Нұрлы жол» вокзалы, басшылыққа ұят. Кондиционерлер көп болғанымен, вокзалда аптап ыстық», – деп жазды. Кейбір жолаушылар кондиционерлердің мүлде жоқтығын айтты.
ҚТЖ баспасөз қызметі: «„Нұрлы жол" теміржол вокзал кешенінің ғимаратында кондиционерлеу және желдету жүйелерінің жұмысында ақаулар анықталды, бұл бөлмелердегі температураның көтерілуіне әкелді. Қазіргі уақытта жабдықты уақтылы техникалық қызмет көрсетпеген мердігер ұйымға қатысты талап-шағым жұмыстары жүргізілуде», – деп мәлімдеді. Компанияда қосымша қолданыстағы кондиционерлеу және желдету жүйелеріне күрделі жөндеу жүргізу мәселесі де қарастырылып жатқанын айтты.
Бұдан бұрын Астана вокзалы кәріз жүйесіндегі ақауларға байланысты су басқаны хабарланған еді.


