Астанада полицейлер босанған әйелге уақытылы көмек көрсетіп, оның перзентханаға кедергісіз жетуін қамтамасыз етті, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Астана қалалық полиция департаментінің Instagram-парақшасында «Құйгенжар» бекетінде болған оқиға туралы айтылды. 24 тамызда тәртіп сақшыларына жүгінген ер адамның әйелінің толғағы басталып, оған шұғыл медициналық көмек қажет болған.
«Әр минут есептеулі еді. Полицейлер "жасыл дәліз" жасап, жұбайлардың перзентханаға кедергісіз әрі барынша тез жетуіне мүмкіндік берді. Сондай-ақ тәртіп сақшылары әйелді медицина қызметкерлерінің қабылдап, қажетті көмек көрсеткеніне көз жеткізді», — делінген полиция хабарламасында.
Сол күні-ақ отбасында ұл бала дүниеге келді.
«Мұндай жағдайда жұбайлардың перзентханаға мүмкіндігінше тезірек әрі қауіпсіз жетуі үшін біз қолдан келгеннің бәрін жасадық», — деді полицейлер Мұратбек Омарбеков пен Асқат Марат.
Кейін жұбайы полиция қызметкерлеріне көрсеткен көмегі үшін жеке алғысын білдіру үшін қайта оралғаны айтылады.


