Астанада бір жас жігіт Abu Dhabi Plaza сауда-ойын-сауық орталығында бутік қызметкерлеріне пышақ көрсетіп, абыржың туғызды. Оқиға сауда орталығы жабылар алдында болған, деп хабарлайды infohub.kz.
Threads әлеуметтік желісіндегі куәгердің айтуынша, жігіт электронды темекі сататын дүңгіршекке келіп, стик беруді талап еткен. Бас тартқан соң, ол пышағын алып, сатушыны қорқытып, сөмкені алып қашып кеткен. Кейін ол қоқыс шығарып жүрген қызметкерді байқап, соңынан ерген. Бір бутікте ол тағы да пышақ көрсетіп, стик талап еткен.
«Стик бер, әйтпесе өлтіремін», — деп жазды автор әлеуметтік желіде. Оның айтуынша, күзет қызметін дереу шақыру мүмкін болмаған. Ақыр соңында сауда орталығының күзетшілері жігітті қуа бастаған.
Астана полиция департаменті бұл фактіні растады. Құқық қорғау органдары бұзушының жеке басын тез анықтады — ол 19 жастағы елорда тұрғыны болып шықты. Оны тергеу үшін полиция басқармасына жеткізді.
«Тексеру барысында жігіттің пышақты үйден алғаны анықталды. Сонымен қатар, оның денсаулығында проблемалар бар. Оған жедел жәрдем шақырылып, кейін әкесіне тапсырылды», — деп хабарлады Астана қалалық полиция департаментінде.
Оқиға салдарынан зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысында мас күйіндегі ер адам полицейге пышақпен шабуыл жасағаны хабарланған болатын.


