Астанадағы сауда-ойын-сауық орталығында 19 жастағы жігіт пышақпен жүріп, адамдарды үркіткен оқиға болды. Бұл туралы infohub.kz сайты хабарлайды.
Оқиға сауда орталығы жабылар алдында болған. Сауда орталығының қызметкерлерінің бірі әлеуметтік желіде жазғанындай, жігіт электронды темекі сататын дүңгіршекке келіп, стик талап еткен. Бас тартылған соң, ол пышағын алып, сатушыны қорқыта бастаған. Содан кейін пакетті алып, дүңгіршекті теуіп, көрші дүкенге бет алған.
«Ол бізге кіріп, пышағын сілтеп: "Маған стик бер", — деп талап етті. Кейін "Стик бермесең, өлтіремін" деді», — деп жазды қыз. Қорқып кеткен қызметкерлер күзетшілерді шақырған, ал жігіт қашып кеткен.
Астана полиция департаментінде бұл жағдайға түсініктеме берді. Құқық қорғау органдары бұтиктерге кірген пышақты ер адам туралы хабарлама алған. Оқиға орнына келген полицейлер бұзушының жеке басын анықтаған — ол 19 жастағы жігіт болып шыққан. Мән-жайды анықтау үшін оны полиция басқармасына жеткізген.
«Тексеру барысында жігіттің пышақты үйден алғаны анықталды. Сонымен қатар, оның денсаулығында проблемалар бар. Оған жедел жәрдем шақыртылып, кейін әкесіне тапсырылды», — деп түсіндірді Астана ДП-да.


