Кеше 48 жастағы шетел азаматы Ботаникалық бақта ұсақ бұзақылық үшін 15 тәулікке қамалды. Астананың саябақтары мен скверлерінде ауқымды рейдтер басталды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Бірлескен рейдті Есіл ауданы әкімдігінің қызметкерлері, Астана полиция департаментінің өкілдері және қоғам қайраткерлері өткізді. Тексеру Ботаникалық бақтан басталды. Алдағы уақытта мұндай іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп, елорданың басқа да қоғамдық аймақтарын қамтиды.

Рейдке қатысушылар абаттандыру ережелерінің сақталуын бақылап, келушілермен түсіндірме әңгімелер жүргізеді.

Әкімдіктің хабарлауынша: «Сонымен бірге Ботаникалық бақ аумағында заңсыз сауда мен балалардың электромобильдерін рұқсатсыз жалға беруге жол бермеу бойынша жұмыс жүргізілуде, өйткені мұндай әрекет рұқсат құжаттарынсыз тұтынушылардың денсаулығы мен өміріне қауіпті».

Есіл ауданы әкімінің орынбасары Бақытжан Алдауов Ботаникалық бақтың ойын-сауық паркі емес екенін атап өтті: оның аумағында сирек кездесетін өсімдіктер өседі. Ол балалармен серуендеуге және таза ауада демалуға арналған.

Астана полиция департаментінің қоғамдық қауіпсіздік басқармасы басшысының орынбасары Еркін Жанабылдың айтуынша: «Жыл басынан бергі іс-шаралар барысында Ботаникалық бақтың іргелес аумағында абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін 700-ден астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабының бірінші бөлігі бойынша ескерту немесе 20 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл көзделген. Сондай-ақ белгіленбеген орындарда сауда жасағаны үшін 300-ден астам адам жауапкершілікке тартылды, бұл бұзушылықтың айыппұлы 10 АЕК құрайды».

Әкімдік соңғы мысалды келтірді: кеше Ботаникалық бақта қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін шетел азаматы 15 тәулікке қамалды. Көрші мемлекеттің 38 жастағы тұрғыны демалушылардың көз алдында газонға дәрет сындыруға тырысқан. Полиция қызметкерлері хаттама толтырып, сот ұсақ бұзақылық үшін 15 тәулік әкімшілік қамақ жазасын тағайындады.