2026 жылғы 15 қыркүйекте таңертең Астанадағы Сығанақ көшесіндегі қозғалыс іс жүзінде тоқтап қалды: қатты кептелістен кейбір автобус жолаушылары көліктен түсіп, жұмысқа дейін жаяу жүрді, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Жол жағдайы туралы Astanovka 98 паблигінің қолданушылары айтты. Олардың дерегінше, кептеліс «Жасыл квартал» ауданында пайда болған.

Куәгерлердің айтуынша, кептеліске Сығанақтағы апат себеп болған. Сонымен қатар, тұрғындар LRT құрылыс жұмыстарына байланысты бұл көшеде таңертеңгі жол жүру уақыты айтарлықтай ұзарып кеткенін айтып шағымданды.

NUR.KZ тілшісі Астана қалалық полиция департаментіне пікір сұрап хабарласты. Ведомство жол-көлік оқиғасының болғанын растады.

«Ағымдағы жылғы 15 қыркүйекте Сығанақ және Төле би көшелерінің қиылысында үш көлік қатысқан жол-көлік оқиғасы болды. Оқиға орнына дереу полиция жасағы жіберілді. Кінәлі жүргізушіге қатысты әкімшілік шаралар қолданылды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер жоқ», — делінген полиция хабарламасында.