Астанада әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот жолаушыға әдепсіздік танытқан такси жүргізушісіне қатысты қаулы шығарды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Елордалық соттың мәліметінше, оқиға 11 қазан күні таңғы сағат 07:00 шамасында болған. К. есімді азамат такси жүргізушісі болып жұмыс істеп, жолаушы Б-ға интимдік қызмет ұсынып, әдепсіздік танытқан. Осы әрекетімен ол айналасындағыларға құрметсіздік білдіріп, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзған.

Іс ұсақ бұзақылық фактісі бойынша — Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігі бойынша қаралды. Жүргізушінің кінәсі іс материалдарымен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, оның кінәсін мойындаған көрсетпелерімен, полиция инспекторының рапортымен, сондай-ақ жәбірленушінің түсініктемелерімен расталады.

Сот жауапкершілікті жеңілдететін мән-жайлар ретінде кінәні мойындауды және құқық бұзушылықтың алғаш рет жасалуын таныды. Ауырлататын мән-жайлар анықталмаған.

«Жаза тағайындау кезінде сот жасалған құқық бұзушылықтың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін, сондай-ақ құқыққа қарсы әрекеттің жолаушыға қатысты интимдік сипаттағы қадалған ұсыныстардан көрінгенін ескерді. Сот қаулысымен К-ға 10 тәулікке әкімшілік қамау түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды», — деп қорытындылады сотта.