Астанадағы Жиенқұлова көшесіндегі тандырханада газ баллонының жарылуы салдарынан төрт адам зардап шекті, олардың арасында бір бала бар. Бұл туралы infohub.kz хабарлайды.

Нақтыланған мәліметтерге сәйкес, тандырханадағы оқиға салдарынан төрт адам зардап шеккен. Олардың екеуі №1 қалалық көпбейінді ауруханаға жатқызылды, бір науқас үйге емделуге шығарылды. Тағы бір зардап шеккен адам №2 қалалық көпбейінді балалар ауруханасына жатқызылды.

«Барлық зардап шеккендерге қажетті медициналық көмек көрсетілуде», — деп хабарлады Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы.

Баллон жарылғаннан кейін төбе жабынының бір бөлігі мен есік ойығы құлағаны белгілі болды.