Астана қаласында Н. Тлендиев даңғылы бойынша жол жөндеу жұмыстарына байланысты екі күнге көлік қозғалысына ішінара шектеу енгізіледі. Бұл туралы infohub.kz сайты хабарлайды.

Астана әкімдігінің мәліметінше, 17-18 шілде аралығында Баршын көшесінен Көктал көшесіне дейінгі учаске жабылады. Шектеу жол төсемінің үстіңгі қабатын төсеу жұмыстарына байланысты. Автокөлік қозғалысы жолдың бір жағымен ұйымдастырылады.

«Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден бағдарларын алдын ала жоспарлап, қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескерулерін сұраймыз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылады», — деп ескертті әкімдік өкілдері.