Шетелдік тревел-блогер Haggagovic бүркеншік есімімен танымал тұлға әлеуметтік желілерде Астанада түсірілген бейнеролик жариялады. Онда ол полиция қызметкерін қолына көтеріп, онымен бірге айналып жүргенін көрсеткен. Бейнеқазақстандықтардың екіұдай пікірін тудырды: көбісі блогердің әрекетін орынсыз деп санаса, енді біреулері әзіл ретінде қабылдады. Оқиғаға Астана қалалық полиция департаменті жауап беріп, қызметтік тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлады, деп жазады infohub.kz сайты.

«Осы факті бойынша қызметтік тексеру жүргізілуде. Оның қорытындысы бойынша қызметкерлердің әрекетіне тәртіптік сипаттағы шаралар қолданылады», — деді ведомствода.

Блогердің сайтындағы мәліметке сәйкес, Haggagovic өзін «саяхат королі», саяхатшы, оқиға іздеуші және туризм сарапшысы ретінде таныстырады, ол «XXI ғасырдың Ибн Баттутасы» ретінде кеңінен танымал. Оның деректері бойынша, бүгінгі таңда ол әлемнің 189-дан астам елін аралап, оларды фотосуреттер мен бейнелер арқылы құжаттаған және хабардарлықты арттыру мен бейбітшілікті тарату жолындағы күш-жігерін мойындай отырып, көптеген марапаттарға ие болған. Сондай-ақ ол көптеген әлем көшбасшыларымен кездесіп, осы елдердегі оқушылар мен университет студенттеріне дәріс оқып, бейбітшілік туралы хабарлама таратқан.