Астанада 46 жастағы ер адам «Тұлпар» көпірінен суға секірді, алайда құлаған соң өз бетінше жағаға шыға алды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

NUR.KZ тілшісінің хабарлауынша, оқиға туралы хабарлама «102» арнасына түскен. Бұл туралы елордалық Полиция департаменті мәлімдеді.

«Оқиға орнына дереу полиция қызметкерлері келіп, оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қолданды. Содан кейін ер адам мамандандырылған көмек көрсету үшін медицина қызметкерлеріне тапсырылды», — делінген ведомство хабарламасында.

Астана полициясы көпірден суға секірудің қауіпсіз ойын-сауық емес екенін еске салды. Тереңдік, ағын, су астындағы кедергілер және басқа да жағдайлар өмір мен денсаулыққа нақты қауіп төндіруі мүмкін. Сырттай қарағанда бәрі сәтті аяқталса да, мұндай жағдай ауыр зардаптарға әкелуі ықтимал. Қауіпсіздік үшін тек арнайы жабдықталған және шомылуға арналған орындарды таңдау керек.

Бұған дейін Астанада құтқарушылар Есілден өз бетінше өтпек болған, бірақ жағаға жете алмаған ер адамды судан шығарғаны хабарланған болатын.