Қазақстан астанасында әлеуметтік желілерде кең резонанс тудырған оқиға болды: Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде екі ер адам бұзақылық жасап, ол видеотаспаға түсіп қалды. infohub.kz сайтының хабарлауынша, қалалық полиция департаменті бұзақылардың ұсталғанын растады.

Telegram-дағы Astanovka98 арнасында мас күйде болған ер адамның тиісті емес қылығы жазылған бейнежазба жарияланды. Кадрларда оның алдымен лифтіні тепкені, кейін баспалдақ алаңында балалар арбасын аударып тастағаны көрінеді.

«Содан кейін шалбарын шешіп, соған дәрет сындырмақ болып, бөтен пәтерге кіріп кетті. Тұрғын үй кешенінің тұрғындары бұзақыны күшпен есін жиғызуға мәжбүр болды», — делінген жарияланымда.

Сондай-ақ камераларға екі ер адамның төбелесі түсіп қалған.

Астана полиция департаментінің баспасөз қызметі NUR.KZ тілшісіне полицейлер 27 және 30 жастағы екі бұзақыны анықтап, ұстағанын хабарлады.

«Ұсақ бұзақылық жасағаны және тыныштықты бұзғаны үшін екі ер адам да әкімшілік жауапкершілікке тартылып, уақытша ұстау бөлмесіне қамалды. Сонымен қатар 30 жастағы ер адам қоғамдық орында алкогольдік мас күйде көрінгені үшін жауапкершілікке тартылды», — деп атап өтті полицияда.

Астана ПД іс материалдары шешім қабылдау үшін сотқа жіберілгенін қосты.