Қазақстан астанасында пәтер ұрлығы ашылды: келтірілген шығын 3,5 млн теңгеден асты. Күдікті ұсталып, ұрланған әшекейлер иесіне қайтарылды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
NUR.KZ порталының Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлауынша, Астанада полицейлер пәтер ұрлығын ашты. Салдарынан жәбірленушіге 3,5 млн теңгеден астам материалдық шығын келген.
Ішкі істер министрлігінің медиапорталының мәліметінше, астаналық әйел үйден шыққанда ұмытшақтықтан кіреберіс есіктің сыртында кілтін қалдырып кеткен. Үйіне оралған әйел пәтер ішінде бейтаныс ер адамды көріп қалады. Ол есікті қағып, бөлмеден шығуды талап етті. Содан кейін есік ашылып, ер адам пәтерден жүгіріп шығып, қашып кетті. Әйел дереу полицияға хабарласты.
Тергеу барысында пәтерден зергерлік бұйымдар ұрланғаны анықталды: бриллиант қондырылған төрт алтын жүзік, үш алтын шынжыр және үш жұп алтын сырға. Жалпы шығын 3,5 млн теңгеден асты.
Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер бұған дейін осындай қылмысы үшін жауапкершілікке тартылған 25 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады.
Ұрланған мүлік тәркіленіп, иесіне қайтарылғаны атап өтілді. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.


