Астанада Республика даңғылында жолаушылар автобусы жарық бағанасына соғылды. Алдын ала мәліметке сәйкес, жүргізуші маневр жасау кезінде көлікті басқара алмай, жол-көлік оқиғасына себеп болған.
Оқиға орнында жолаушыларға алғашқы медициналық көмек көрсетілуде. Жарақат алғандардың нақты саны әзірге белгісіз.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталды.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.


