Aстанада Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкері қайтыс болды. Бұл туралы ведомство ресми мәлімдемені түнде таратты.
Ресми ақпаратқа сәйкес, қызметкердің мәйіті тұрғынүй кешендерінің бірінің ауласынан табылған. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы белгісіз.
Полиция тергеу жұмыстарын бастап кетті. Қосымша мәліметтер ресми органдар түсініктеме берген соң жарияланатын болады.


