Астанадағы базарлардың бірінде орналасқан тандырда болған жарылыс бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Астана қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, бұл оқиға бойынша тергеу басталды. Полиция мәлімдемесінде: «Базар аумағында, тандыр самсасын дайындайтын бөлмеде композиттік газ баллонынан газ-ауа қоспасының жарылуы болды. Тергеу амалдары жүргізілуде, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда», – делінген.
Еске сала кетейік, бүгін астанадағы базардың тандырларының бірінде жарылыс болды. Астана қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, төрт адам зардап шекті.


