Кейде денсаулыққа қатысты мәселелерде бірнеше маманның пікірін білген пайдалы — әсіресе тағайындалған ем күмән тудырса. Екінші пікір диагнозды анықтауға және тексеру мен емнің дұрыс таңдалғанын түсінуге көмектеседі, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Астаналық невролог Алтын Камаловна өзінің Threads парақшасында екінші пікірге жүгіну қажет болатын алты жағдайды атады.

Оның пікірінше, дәрігер мынадай жағдайларда басқа неврологқа қаралу керек:

— бас айналуды мойын остеохондрозымен түсіндірсе. Мойын омыртқасының дегенеративті өзгерістері бас айналуға әкеледі деген сенімді дәлелдер жеткіліксіз;

— «ми қан айналымын жақсарту» үшін тамшылатып құюды тағайындаса. Бұл тамшылатып құюды тағайындау үшін тым жалпылама түсіндірме;

— МРТ-дағы өзгерістерді емдесе, шағымдарыңызды емес;

— жадының төмендеуі кезінде себебін анықтамай ноотроптар тағайындаса;

— «ВСД» диагнозын қойып, тексеруді сонда аяқтаса. Вегетососудистая дистония — ескірген диагноз, ол ХАА-да жоқ. Оның көріністерінің астында түрлі жағдайлар жасырылуы мүмкін;

— кез келген бас ауруында МРТ, ЭЭГ және тамырлардың УЗДГ-сына жіберсе.

Тізімдегі тармаққа сәйкес келу дәрігер қателесті дегенді білдірмейді: тексеру мен емнің қажеттілігі нақты жағдайға байланысты.

Алайда пациентке тағайындаулардың себебі түсіндірілмесе, симптомдар анықталмаса немесе ем нәтиже бермесе, басқа маманға қаралған жөн.

Тағы қандай жағдайларда бірнеше дәрігердің кеңесін алу ұсынылады — Kursiv Health мақаласынан біліңіз.