Солтүстік Қазақстан облысы,
Мағжан Жұмабаев ауданы, Дүйсеке орталау мектебі
Ағылшын тілі мұғалімі Сәбитова Әсия Қапезқызы
Сабақтың тақырыбы: Астананың көрікті жерлері
Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушыларды Елордамыз Астананың көрікті жерлерімен таныстыру. Тәрбиелік: оқушыларды патриотизмге, отансүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелеу
Дамытушылық: оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамыту.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: аудару, сұрақ-жауап,
Көрнекіліктер: презентация, интерактивті тақта.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу, түгендеу.
ІІ. Үй жұмысы. Сұрақ-жауап.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Оқушыларға слайдта Астананың көрікті жерлері көрсетіледі, оқушылар бұл қандай қала екенін анықтауы керек. “Топтастыру” стратегиясы.
Бүгінгі сабақта жас қала, еліміздің жүрегі – Астананың көрікті жерлері жайында жаңа мәлімет аласыңдар.
1. Тақтада Астана туралы бейне клип қараймыз.
2.Слайд бойынша суреттер.
3. Жаңа сөздермен таныстыру.
Сөздік:
Әуе айлағы – воздушная пристань
Жоғары оқу орны – высшее учебное заведение
Ұлттық мәдениет орталығы – национальный культурный центр
Өлкетану – краеведение
3. Жаңа білімді меңгерту:(Балалардың білімін жетон арқылы бағалау).
А) Топтық жұмыс.( балаларды үш топқа бөлеміз).
1-топ. Оқу орталығы.
2-топ. Жазу орталығы.
3-топ. Өнер орталығы.
(Әр топқа үш конверт ұсынылады).
Оқу орталығы
1-деңгей. Мәтінді тізбек бойынша мәнерлеп оқыңдар. Мына сұрақтарға мәтіннен жауап тауып, оқып бер.
Астана – әлем картасындағы жаңа есім. Ол ірі әуе айлағы. Қазір Астана қаласы ірі білім және мәдениет орталығы. Онда 42 орта мектеп, 49 балабақша, 7 училище, 9 арнаулы орта және бірнеше жоғары оқу орны бар. Ерекше атап өтетін Президент университеті. Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ сазды – драма театры, өнер және тарих, өлкетану мұражайлары, ұлттық мәдениет орталығы, кинотеатрлар, мәдениет саябағы, Бәйтерек, кітапханалар, 2 стадион, спорт кешені бар.
1. Қазіргі Астана қаласы қандай орталық?
2. Ерекше атап өтетін орындарды ата?
2- деңгей. Мәтінді мағыналық бөліктерге бөліп, әр бөлімге ат қой?
3- деңгей. Астана мәтініндегі ең соңғы азат жолдағы ойды одан әрі кеңейтіп, өрбітіп әңгімелеп бер.
Жазу орталығы.
1 -деңгей - тақтада суреттер көрсетілген, әр біреуінің атауын тап.
2- деңгей - Сөздікпен жұмыс жаса.
- Жаңа сөздерді қолданып, хабарлы, сұраулы, лепті сөйлем құрастырыңдар.
3- деңгей -“Менің Астанам” тақырыбына шағын шығарма жаз.
Өнер орталығы.
1-деңгей
- 5 жолды өлең: Астана
2-деңгей
- Сурет бойынша әңгімелеу
3-деңгей
-«Астана келбеті» тақырыбына сурет салып
4 Жаңа білімді бекіту. «Астананың көрікті жерлері»
Білемін. Білгім келеді. Үйрендім.
7 Үй жұмысы: Астананың 1 көрікті жерін таңдап алу, сурет әзірлеу, сол суретке қарап әңгімелеу.
Астананың көрікті жерлері
Солтүстік Қазақстан облысы,
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 4 наурыз924 қаралым
#ағылшын-қазақ тілі#астананың көрікті жерлері
Ұсынылады
Жасанды интеллект және қазақ тілі: Талғарда маңызды жиын өтті
Талғар ауданында жасанды интеллект дәуірінде ана тіліміздің тағдыры мен рухани құндылықтар мәселесі талқыланды. Жиында қазақ тілінің цифрлық кеңістіктегі бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдары қаралды.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 19 наурыз
Бейімбет Майлин – қазақ әңгімесінің қас шебері
Бейімбет Майлин – қазақ әңгімесінің қас шебері.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
ХІХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетіне шолу
Қазақ әдебиеті 9 - сынып
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

