Астрономдар диаметрі 2,53 шақырым астероидты анықтады. Ол өз осінен небәрі 4,18 минутта толық айналым жасайды. Салыстырсақ, бұл — бірінен соң бірі тізілген 25 футбол алаңының ұзындығына жуық, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

491384 нөмірлі аспан денесін Чилидегі Вера Рубин атындағы обсерваториядағы бақылаулардың арқасында байқау мүмкін болды. Ғалымдардың пікірінше, мұндай ірі нысандардың көбі тартылыс күші ұстап тұратын тастар мен сынықтардың шоғырынан тұрады. Егер осындай дене тым жылдам айналса, центрден тепкіш күш оны бөлшектеп жіберуі мүмкін.

Диаметрі 150 метрден асатын нысандар үшін айналу шегі бар: олар толық айналымды 2,2 сағаттан жылдам жасамауы тиіс. Алайда табылған астероид қалайша 4,18 минутқа сыйып тұр.

Зерттеушілер оның ішкі беріктігі жоғары деп болжайды. Әйтпесе ол мұндай жылдамдыққа шыдап, бытырап кетпес еді. Сірә, астероид борпылдақ сынықтар үйіндісінен гөрі тұтас тасқа ұқсайды.

Бұған дейін Kursiv LifeStyle қазақстандықтардың көкжиек тірер астероидты қашан көре алатыны белгілі болғанын жазған. Сөз Апофис астероиды туралы болып отыр: ол планетаға соншалықты жақын ұшып өтеді, миллиардтаған адам оны телескопсыз-ақ бақылай алады.