Ата - аналар жиналысының хаттамасы №2
30. 10. 2019ж.
Жаңаөзен қаласы
Қатысқандар:
Сынып жетекші – Ж. Құдабаева.
Ата - аналар – 18
Хатшы – Қ. Аккулова.
Күн тәртібінде қаралған мәселе:
1. І тоқсан қорытындысы. /Құдабаева Ж. Б../
2. Сыныптағы оқушылардың үлгерімі, үздік және екпінді оқушыларды атап өту.
3. Әртүрлі мәселелер.
Тыңдалды:
Күн тәртібінің бірінші мәселесі бойынша сынып жетекшісі Құдабаева Жанат ата - аналарға І - тоқсанның қорытындысын айтып өтті. І - тоқсанды 7 қыз бала және 15 ұл бала барлығы 22 оқушымен аяқтады. Каллиграфиясы төмен, оқу шапшаңдығы төмен оқушылар Төребаева Айдана, Қияқбаев Еркебұлан Бейімбет Мұстафаның ата - аналарына балаларын сабақтан тыс уақытта сабақтарын қадағалау тапсырылды.
Күн тәртібінің екінші мәселесі бойынша сынып жетекшісі: Құдабаева Жанат ата - аналарға оқушылардың үлгерімі туралы айтты. Үздік - 1 оқушы, екпінді - 8 оқушы, қалған 12 оқушы қанағаттанарлық деп атап өтті.
Күн тәртібінің үшінші мәселесі бойынша ата - аналарға оқу бағдарламасы, оқулықтар, кітап, дәптермен жұмыс жүргізілуі туралы айтылды. Оқулықтарды таза ұстау, қаптап, күнделіктерін толтырып жүру тапсырылды.
Шешім:
1. І - тоқсан қорытындысы «қанағаттанарлық» деп табылсын.
2. І - тоқсан қорытындысы бойынша Қ. Қайыпова, Г. Батишева, М. Худайберген, ата - аналарына үйдегі уақытта балаларының сабақтарын қадағалау жүктелсін.
3. Оқушылардың мектептегі оқу үлгерімін, тәртібін қадағалау сынып жетекшісіне жүктелсін.
Жиналыс төрайымы: Жанат Құдабаева
Хатшы: Қарлығаш Аккулова
Ата - аналар жиналысының хаттамасы. жүктеу
Ата - аналар жиналысының хаттамасы №2
Ата - аналар жиналысының хаттамасы №2
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз1356 қаралым
#хаттама#ата аналар жиналысының хаттамасы#ата - аналар жиналысының хаттамасы#ата аналар жиналысы хаттама
Ұсынылады
"Педагогтерді қорғаймыз": Депутат Асхат Аймағамбетов ұстаздарға қуанышты жаңалық айтты
Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов педагогтердің жауапкершілігін шектейтін заң жобасы туралы айтты. Енді мұғалімдер балалардың өмірі мен денсаулығына тек оқу-тәрбие процесі кезінде ғана жауапты болады.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 29 сәуір
Оқу-ағарту министрі мұғалімдерді қуантатын жаңалықпен бөлісті: Білім беру жүйесіне қандай өзгерістер енгізіледі?
Қазақстанда бастауыш сыныптарға, 5-11 сыныптарға арналған жаңа пәндер енгізіліп, оқу бағдарламалары қайта қаралады. Министр Жұлдыз Сүлейменова бұл өзгерістердің білім сапасын арттыруға бағытталғанын атап өтті.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 21 сәуір
Жаңа жылға арналған тілектер, құттықтаулар
Құрметті достар! Сіздерді Жаңа 2024 жылмен шын жүректен құттықтаймын!
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

