Атырау облысына жаңа әкім тағайындауға келісім беру үшін мәслихат депутаттарының жиналысы 2026 жылғы 17 шілдеде өтеді, деп хабарлайды NUR.KZ.

Мәслихаттың ресми порталында көрсетілгендей, іс-шара Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 8 маусымдағы №912 Жарлығына сәйкес өтеді. Бұл жарлық әкімдерді тағайындауға келісім беру тәртібін белгілейді. Жиналыс сағат 09:30-да Әбілқайыр хан даңғылы, 58, Абай атындағы мектеп оқушылары орталығының ғимаратында өтеді. Депутаттарды тіркеу сағат 08:00-де басталады.

Еске сала кетсек, 2022 жылғы сәуірден бері Атырау облысының әкімі қызметін Серік Шәпкенов атқарып келеді.