Атырау облысында екі лауазымды тұлға мемлекеттік қызметтің беделін түсіргені үшін жауапкершілікке тартылды: бір басшы қызметінен айырылды, екіншісіне толық емес қызметтік сәйкестік туралы ескерту жасалды. Бұл туралы облыс прокуратурасы хабарлады, деп жазады infohub.kz сайты.
Ведомствоның ресми сайтында көрсетілгендей, Атырау облысының прокуратурасы құрылысқа бөлінген бюджет қаражатын жұмсау кезінде екі заңбұзушылықты анықтады. Кінәлі лауазымды тұлғалар мемлекеттік қызметтің беделін түсіргені үшін жауапкершілікке тартылды.
Алғашқы оқиға Құрманғазы ауданында тіркелді. 2024 жылы жергілікті құрылыс бөлімі Құрманғазы ауылында 600 млн теңгеге 30 пәтер сатып алған. Мәселе кейінірек анықталды: үй газ тарату желілеріне қосылмаған болатын.
«Бөлім басшысы бұл туралы сатып алуға дейін білген, бірақ тендерді бәрібір ұйымдастырды — жекелеген кәсіпкерлерге басымдық берілді», — деп атап өтті Атырау облысының прокуратурасында.
Екінші оқиға Қызылқоға ауданында болды. Мұнда құрылыс бөлімінің басшысы мердігерге нақты орындалмаған жұмыстар үшін 900 мың теңге аударып қойған.
Мәселе Этика кеңесінің отырысында қаралды. Құрманғазы аудандық құрылыс бөлімінің басшысы қызметінен босатылды. Оның Қызылқоға ауданындағы әріптесіне толық емес қызметтік сәйкестік туралы ескерту жарияланды.
Прокуратурада қосымша айтылғандай, өңірде осындай заңбұзушылықтар үшін тағы үш лауазымды тұлға жазаланды.


