Атырау облысында 2026-2027 оқу жылының басында жеті жаңа мектеп есігін айқақты. Оқушылар облыс орталығында, сондай-ақ Құрманғазы және Жылыой аудандарында орналасқан заманауи білім ошақтарында сабақтарын бастады, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Атырау облысы әкімдігінің мәліметінше, 1 қыркүйекте Дамба ауылындағы 300 орындық жаңа мектепте, сондай-ақ Көктем және Еркінқала-2 ауылдарындағы әрқайсысы 600 орындық екі мектепте алғашқы қоңырау соғылды.

«Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында Құрманғазы ауданының Құрманғазы және Ақкөл ауылдарында 600 орындық екі мектеп, ал Жылыой ауданының Құлсары қаласында 1200 орындық мектеп пайдалануға берілді.

Атырау қаласында 2 мың оқушыға арналған Caspian BINOM School алғашқы шәкірттерін қабылдады. Жаңа мектептер заманауи оқу кабинеттерімен, зертханалармен, кітапханалармен, спорт және акт залдарымен, асханалармен жабдықталған. «Келешек мектептерінде» STEM, робототехника және IT кабинеттері, сондай-ақ шығармашылық шеберханалар қарастырылған.

Шоқан Уәлиханов атындағы №9 жалпы білім беретін мектеп күрделі жөндеуден кейін ашылды. 1176 оқушыға арналған ғимаратта оқу кабинеттері толығымен жаңартылып, қажетті заманауи құрал-жабдықтар орнатылды.

Биыл Атырау облысында 155 мыңнан астам оқушы жаңа оқу жылын бастады. Оның шамамен 15 мыңы мектеп табалдырығын алғаш рет аттады.

Өңірде білім инфрақұрылымын дамыту жұмыстары жалғасуда. Жыл соңына дейін тағы екі білім нысанын және бір өнер мектебін пайдалануға беру жоспарлануда. Қазіргі уақытта облыста 14 мектептің құрылысы жүріп жатыр.