Атырауда ата-енесін өлтірді деген күдікпен іздеуде жүрген ерлі-зайыптылардың Индонезиядан Қазақстанға қашан жеткізілетіні белгілі болды. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Вице-министрдің айтуынша, шетелде ұсталған екі күдіктіні елге экстрадициялау жұмыстары белсенді жүргізіліп жатыр. Олар осы айдың ішінде Қазақстанға жеткізіледі деп күтілуде.
Отбасының жоғалған мүшелері
Сондай-ақ, Санжар Әділов отбасының жоғалып кеткен тағы екі мүшесіне қатысты кешенді іздестіру шаралары жалғасып жатқанын атап өтті.


