Атырау облысының тұрғындары халықаралық экологиялық "Жер сағаты" акциясына қатысуға шақырылды. Бұл туралы өңірлік экология департаменті хабарлады.

Акция 28 наурыз 2026 жылы сағат 20:30-дан 21:30-ға дейін өтеді. Осы уақыт аралығында барлық тұрғындар мен мекемелерді жарықты және электр құрылғыларын өшіруге шақырады.

"Жер сағаты" – бұл климаттың өзгеру мәселесіне назар аударуды және энергия мен табиғи ресурстарды үнемдеудің маңыздылығын еске салуды мақсат ететін халықаралық экологиялық бастама.

Акция аясында тұрғын үйлерде, кеңселерде, мемлекеттік мекемелерде, сондай-ақ мұражайлар мен театрларда бір сағат бойы жарықты өшіру ұсынылады.

Экология департаменті облыс тұрғындарын, мемлекеттік қызметкерлер мен кәсіпкерлерді бұл бастаманы қолдауға шақырды.