Дүниетану
Сабақтың тақырыбы: Ауа – Жердің қорғаны. Ауаны қорғау.
Сабақтың мақсаты: а) Ауа туралы түсінік қалыптастыру. Оқушыларды ауаның құрамы және қасиеттерімен таныстыру.
ә) Табиғат пен адам үшін ауа қандай рөл атқаратынын таныстыру.
б) Ауаны қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: «Ауаның құрамы» тірек - сызба, «Ауаның қасиеттері» деген кесте.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, баяндау, әңгімелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау.
ІІ. Өткенді қайталау.
1. Психологиялық көңіл - күй.
2. Үй тапсырмасын сұрау.
ІІІ. Жаңа сабақ
- Балалар, жердің айналасын ауа қабаты қоршап тұр. Бос кеңістіктің бәрінде ауа толып тұрады. Ауа көзге көрінбейді, оны сезім мүшесімен ғана білеміз. Жел – ауаның қозғалысы. Біздің ғаламшарымызды қоршап тұрған ауа қабатын атмосфера деп атайды.
Атмосфера – бұл жүздеген километрге созылған алып ауа қабаты. Атмосфераның қалыңдығы ғаламшардың әр жерінде әртүрлі. Атмосфера жер шарын зиянды күн сәулелерінен қорғайды.
Ауаның құрамы мен оның қасиеттерін алғаш Джозеф Пристли мен Антуан Лавуазьн зерттеді.
Ауаның құрамы мен қасиеттері.
Тақтаға «Ауаның құрамы» деген кесте ілінеді.
Көмірқышқыл газы 1%
Оттегі 21%
Азот 78%
Ғалымдар ауаның көптеген газдардан тұратынын осыдан екі ғасыр бұрын ғана білді.
Ауа – көптеген газдардың қоспасы, оның құрамында азот – 78%, көмірқышқыл газы - 1%, оттегі – 21%.
«Ауаның қасиеттері» деген кестемен жұмыс.
Негізгі сөз - Ауа
Ауаның қасиеттері - Мөлдір, түссіз, салмағы жоқ, иісі жоқ, жылы, суық, қыздырғанда кеңейеді, суықтан сығылады.
1. Пікірталас.
- Ауа таза болу керек пе?
- Адам ауаны неге ластамау керек? Осы пікірді қалай түсінесіңдер?
2. Рөлдік ойын.
Әр топ мүшелері өздері үшін ауаның маңызын түсіндірулері керек.
1 - топ адамдардың атынан сөйлейді.
2 - топ экологтардың атынан сөйлейді.
3 - топ жануарлар атынан сөйлейді.
Орал қаласы,
№42 «Ақ ниет» гимназиясы
Бастауыш сынып мұғалімі Шаиева А. С.
Ауа – Жердің қорғаны. Ауаны қорғау жүктеу
Ауа – Жердің қорғаны. Ауаны қорғау
Сабақтың тақырыбы: Ауа – Жердің қорғаны. Ауаны қорғау.
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз569 қаралым
#ауа#ауаны қорғау#жердің қорғаны#дүниетану пәні бойынша ашық сабақ жоспары
Ұсынылады
Жаңа жылдық ойындар
Жаңажылдық кеште қонақтардың көңіл-күйін қалай көтересіз? Дәстүрлі мерекелік дастархан мен тілек айту аздық ететіні анық. Демек, қызықты әзіл мен жұмбақтар, сайыс пен ойындар ұйымдастыру керек. Түн...
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
Ертегілер жинағы
1. Ертегілер мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру механизмі. Бұл механизм психологтар белгілеген теория негізінде бірізділікте құрылған және сатылап жүзеге асады.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
21 - ден 100 - ге дейінгі сандар
Сабақтың тақырыбы: 21 - ден 100 - ге дейінгі сандар.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

