Синоптиктер Қазақстан өңірлеріне арналған ауа райы болжамын ұсынып, 3 тамызға, дүйсенбіге дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Жамбыл облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Облыс бойынша қатты ыстық +38 градус сақталады. Сондай-ақ төтенше өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысында шаңды дауыл күтіледі. Облыстың батысы мен солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың оңтүстігі мен шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігі мен шығысында тұман болады.
Абай облысының батысында, солтүстігінде және орталығында түнде жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Күндіз облыс бойынша қатты ыстық +35...+38 градус болады.
Павлодар облысында жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Күндіз қатты ыстық +35...+37 градус болады.
Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Күндіз облыс бойынша қатты ыстық +35...+39 градус болады.
Ақтөбе облысының солтүстігінде және шығысында аздаған жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі.
Алматы облысының солтүстігінде және орталығында өте қатты ыстық +40...+42 градусқа дейін жетеді. Алматыда кешке аздаған жаңбыр, найзағай, күндіз қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Қызылорда облысының солтүстігінде және орталығында жаңбыр, найзағай, дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Қызылорда облысында жаңбыр, найзағай, дауыл, шаңды дауыл күтіледі.
Жетісу облысында қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз қатты ыстық +35...+39 градус болады.
Қарағанды облысында жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында екпіні 15-20 м/с.
Ұлытау облысының солтүстігінде және шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде қатты ыстық 35 градус.
Қостанай облысында жаңбыр, найзағай, кейде қатты жаңбыр, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі.
Түркістан облысында шаңды дауыл күтіледі. Күндіз қатты ыстық +40 градус болады.
Ақмола облысында жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі.
Атырау облысында шаңды дауыл күтіледі. Күндіз қатты ыстық +35...+38 градус.


