Алдағы үш күнде Қазақстанның мегаполистерінде жаңбыр, найзағай, екпінді жел және ауа температурасының күрт төмендеуі күтіледі. Мұндай ауа райы болжамын «Қазгидромет» синоптиктері ұсынды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Астанада 24 тамызда айнымалы бұлттылық, кей уақытта жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл күтіледі. Түнде және таңертең тұман болуы мүмкін. Күндіз желдің екпіні 15–20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +10…+12°С, күндіз +21…+23°С болады.
25 тамызда елордада айнымалы бұлттылық, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Жел 9–14 м/с дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде күрт төмендеп, +8…+10°С-қа дейін жетеді, ал күндіз +23…+25°С-қа көтеріледі.
26 тамызда айнымалы бұлттылық, жауын-шашынсыз болады. Жел 9–14 м/с дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде +9…+11°С, күндіз +25…+27°С болады.
Алматыда 24 тамызда айнымалы бұлттылық, түстен кейін жаңбыр мен найзағай күтіледі. Желдің екпіні 15–18 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +18…+20°С-қа дейін төмендеп, күндіз +28…+30°С-қа дейін көтеріледі.
25 тамызда оңтүстік астанада бұлтты, жаңбырлы болады. Жел 15–20 м/с дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде +16…+18°С-қа дейін төмендеп, күндіз термометрлер +24…+26°С көрсетеді.
26 тамызда айнымалы бұлттылық, жауын-шашынсыз болады. Желдің екпіні 15 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +13…+15°С-қа дейін төмендеп, күндіз +26…+28°С-қа дейін көтеріледі.
Шымкентте 24 тамызда айнымалы бұлттылық, жауын-шашынсыз болады. Желдің екпіні 15–20 м/с жетеді. Түнде термометрлер +19…+21°С, ал күндіз +31…+33°С көрсетеді.
25 тамызда да айнымалы бұлттылық, жауын-шашынсыз болады. Жел 15–20 м/с дейін күшейеді. Түнде ауа температурасы небәрі +15…+17°С, ал күндіз +33…+35°С-қа дейін қызады.
26 тамызда айнымалы бұлттылық, жауын-шашынсыз болады. Желдің екпіні 15–20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +18…+20°С, ал күндіз +34…+36°С ыстық сақталады.


