Синоптиктер 5-7 қыркүйектегі демалыс күндеріне Қазақстан бойынша ауа райы болжамын ұсынды. Елде құрғақ әрі жылы ауа райы күтілуде, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, алдағы үш тәулікте республика аумағының басым бөлігі атмосфералық қысым жоғары аймақтың ықпалында болады, бұл негізінен құрғақ әрі бұлттылығы аз ауа райын қамтамасыз етеді. Елдің батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың әсерінен кей жерлерде найзағай мен желмен бірге қысқа мерзімді жаңбыр жауады.

Жазғыдай жылы күндер елдің барлық дерлік тұрғындарын қуантады, алайда шығыста және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында түндер салқын болып қалады. Күндіз ауа температурасы батыста, солтүстікте және ел орталығында +25...+33 градусқа, шығыста +20...+25 градусқа жетеді. Оңтүстікте термометрлер +28...+37 градусты көрсетеді, ал оңтүстік-шығыста +20...+30 градус. Таулы және тау бөктеріндегі аудандарда температура +10...+20 градусқа дейін көтеріледі.