Синоптиктер Қазақстандағы қыркүйек айына консультативтік ауа райы болжамын ұсынды. Олардың дерегінше, 30 градустық ыстық аймақтарға әлі қайта оралады, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Болжам бойынша, қыркүйектің басы елдің батыс және оңтүстік аймақтарында жазғы ыстық болады. Солтүстік, орталық және шығыс облыстарда күзгі ауа райы күтіледі: жауын-шашын өтеді, жаңбырдың қарға айналуы және екпінді жел болуы мүмкін.

Бірінші онкүндіктің ортасынан бастап республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы орнап, температуралық фон айтарлықтай жоғарылайды. Батыста, солтүстік-батыста және оңтүстік-батыста күндіз ауа +25...+35°С-қа дейін жылынады. Солтүстікте, солтүстік-батыста (Қостанай облысында), орталықта және шығыста түнде 0-ден +8°С-қа дейін, жер бетінде 1-3° аяз болуы мүмкін, күндіз температура +10...+18°С-тан +22...+30°С-қа дейін жетеді. Елдің оңтүстігінде түнде +13...+20°С, күндіз +25...+35°С болады. Оңтүстік-шығыста түнде +10...+18°С, күндіз +20...+28°С-тан +25...+33°С-қа дейін жоғарылайды.

Бірінші онкүндіктің екінші жартысында батыста және солтүстік-батыста, содан кейін елдің қалған аумағында кезекті солтүстік-батыс циклонымен тұрақсыз ауа райы, жауын-шашын және желдің күшеюі күтіледі, ыстықтың төмендеуі болады.

Қыркүйектің екінші және үшінші онкүндіктерінде температуралық фон оң мәндерден аязға дейін төмендеуімен ауытқуы күтіледі. Батыс және солтүстік-батыс аймақтарда түнде 0-ден +5°С-қа дейін, жер бетінде 3°-қа дейін аяз болуы мүмкін, күндіз +27...+35°С-тан +12...+22°С-қа дейін. Елдің солтүстігінде, орталығында және шығысында түнде 0-ден +5°С-қа дейін, жер бетінде 3°-қа дейін аяз, күндіз +20...+30°С-тан +8...+17°С-қа дейін. Қазақстанның оңтүстік жартысында түнде +2-ден +10°С-қа дейін, таулы аудандарда 1-6° аяз, күндіз +25...+33°С-тан +15...+22°С-қа дейін.

Жалпы қыркүйекте елдің басым бөлігінде орташа ауа температурасы климаттық нормаға жуық болады. Сонымен қатар Батыс Қазақстан облысында, Атырау облысының батысында және Маңғыстау облысында температура нормадан 1°-қа жоғары болады. Жауын-шашын мөлшері негізінен норма шегінде болады. Әдеттегіден көп жауын-шашын елдің төтенше батысында, солтүстік-батысында және солтүстік-шығыс бөлігінде күтіледі, нормадан аз — негізінен оңтүстік және оңтүстік-батыс аймақтарда.