Синоптиктер 4 қыркүйекте Қазақстанның бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады. Кейбір аймақтарда аяз болжанып отыр, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Алматыда Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтарында (Іле Алатауы таулары) күндіз қысқа мерзімді жаңбыр мен найзағай күтіледі, түнде және таңертең тұман түседі.
Алматы облысында түнде тау бөктеріндегі аудандарда жаңбыр мен найзағай өтеді, таулы аудандарда жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын болады. Күндіз тау бөктері мен таулы аудандарда қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай және бұршақ түсуі мүмкін. Түнде және таңертең тауда тұман түседі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді. Облыстың орталығында, батысында және шығысында төтенше өрт қаупі сақталады, солтүстігінде жоғары.
Ақмола облысында түнде және таңертең батысы мен солтүстігінде тұман күтіледі, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысында күндіз таулы аудандарда синоптиктер жаңбыр мен найзағай уәде етеді. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі, оңтүстік пен шығыста төтенше өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысында күндіз солтүстікте, оңтүстікте және орталықта шаңды дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз батыста, оңтүстікте және орталықта екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысы мен солтүстігінде төтенше өрт қаупі, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысында түнде және таңертең солтүстікте, шығыста және орталықта тұман күтіледі. Түнде таулы аудандарда 3 градусқа дейін аяз болады.
Абай облысында түнде және таңертең солтүстік пен орталықта тұман түседі. Жел солтүстік, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз оңтүстік-батыста екпіні 15-18 м/с. Түнде облыстың шығысында 2 градусқа дейін аяз күтіледі. Оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысында оңтүстік-шығыста жел солтүстік-шығыстан соғады, екпіні 15 м/с. Орталықта жоғары өрт қаупі сақталады.
Атырау облысында күндіз батыс пен солтүстікте шаңды дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз батыста және солтүстікте екпіні 15-18 м/с. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысында 4 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысында күндіз батыста синоптиктер жаңбыр мен найзағай уәде етеді. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз батыста және оңтүстікте екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады, солтүстік-батыста жоғары.
Солтүстік Қазақстан облысында күндіз солтүстік пен шығыста қысқа мерзімді жаңбыр мен найзағай күтіледі. Түнде және таңертең оңтүстікте тұман түседі.
Түркістан облысында күндіз таулы аудандарда қысқа мерзімді жаңбыр мен найзағай болжанады. Күндіз батыста және солтүстікте шаңды дауыл соғады. Жел солтүстік-шығыстан, батыста, солтүстікте, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысында түнде және таңертең батыс пен солтүстікте тұман күтіледі. Солтүстік-батыста жоғары өрт қаупі, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста және орталықта төтенше өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысында күндіз оңтүстікте шаңды дауыл болады. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз оңтүстікте 15-20 м/с. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысында таулы аудандарда синоптиктер жаңбыр мен найзағай уәде етеді. Жел солтүстік-шығыстан, оңтүстік-батыста, солтүстік-шығыста және таулы аудандарда 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысында түнде және таңертең оңтүстікте, шығыста және орталықта тұман күтіледі.


