22 шілде, сейсенбі күні Қазақстанда ауа райы тұрақсыз болмақ. Атмосфералық фронттардың әсерінен бірқатар өңірде қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай, кей жерлерде қатты жауын-шашын, бұршақ және екпінді жел күтіледі. Оңтүстік облыстарда жазғы ыстық сақталады, ал көптеген өңірде әлі де өрт қаупі жоғары және төтенше деңгейде, деп хабарлайды infohub.kz.
Астанада 22 шілдеде жаңбыр, найзағай, күндіз кей уақытта қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстікке ауысып, күндіз екпіні 15–20 м/с. Өрт қаупі жоғары сақталады.
Алматы облысының солтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай, шаңды дауыл, батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында жаңбыр, найзағай, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта қатты жаңбыр, бұршақ, екпінді жел күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып, солтүстікте, батыста, оңтүстікте, таулы аудандарда екпіні 15–20, кейде 25 м/с. Облыс бойынша өрт қаупі жоғары сақталады, солтүстігінде өрт қаупі төтенше. Алматы қаласы: кей уақытта жаңбыр, найзағай. Жел оңтүстік-батыстан түнде екпіні 15 м/с. Өрт қаупі жоғары сақталады. Қонаев қаласы: түнде жаңбыр, найзағай. Жел оңтүстік-батыстан түнде екпіні 15–20 м/с. Өрт қаупі жоғары сақталады. Іле Алатауы таулары бойынша (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары): жаңбыр, найзағай, кей уақытта қатты жаңбыр, бұршақ, екпінді жел. Жел солтүстік-батыстан екпіні 15–20, кейде 25 м/с.
Ақтөбе облысының шығысында жел солтүстіктен күндіз екпіні 15–18 м/с. Батысында, оңтүстігінде қатты ыстық 35–36 градус күтіледі. Батысында, шығысында өрт қаупі жоғары сақталады, оңтүстік-шығысында өрт қаупі төтенше.
Ұлытау облысында жаңбыр, найзағай, солтүстігінде, шығысында, орталығында қатты жаңбыр, күндіз бұршақ, екпінді жел күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен батыста, солтүстікте, оңтүстікте екпіні 15–20 м/с. Облыс бойынша өрт қаупі жоғары сақталады, оңтүстігінде, шығысында сақталады, орталығында өрт қаупі төтенше күтіледі. Жезқазған қаласы: жаңбыр, найзағай. Өрт қаупі төтенше күтіледі.
Қарағанды облысында жаңбыр, найзағай, батысында, солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, күндіз бұршақ, екпінді жел. Жел оңтүстік-батыстан батыста, солтүстікте, оңтүстікте екпіні 15–20 м/с. Облыс бойынша өрт қаупі жоғары сақталады, солтүстігінде, шығысында сақталады, оңтүстігінде өрт қаупі төтенше күтіледі. Қарағанды қаласы: жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ. Өрт қаупі жоғары сақталады.
Абай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде түнде жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ, екпінді жел күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан түнде солтүстікте, шығыста, оңтүстікте 15–20, екпіні 25 м/с, күндіз 15–20, оңтүстік-батыста, орталықта екпіні 23–28 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде қатты ыстық 35 градус күтіледі. Облыс бойынша өрт қаупі жоғары сақталады, солтүстігінде, оңтүстігінде өрт қаупі төтенше сақталады, орталығында өрт қаупі төтенше күтіледі. Семей қаласы: жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, екпінді жел. Жел оңтүстік-батыстан таңертең және күндіз екпіні 15–20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде түнде жаңбыр, кей уақытта қатты жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, екпінді жел күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, батыста, солтүстікте, оңтүстікте 15–20, күндіз екпіні 25 м/с. Облыстың солтүстігінде, оңтүстік-батысында өрт қаупі жоғары сақталады, солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, орталығында өрт қаупі төтенше сақталады. Өскемен қаласы: жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, екпінді жел. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, таңертең және күндіз екпіні 15–20 м/с. Өрт қаупі төтенше сақталады.
Батыс Қазақстан облысының батысында күндіз аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан күндіз батыста екпіні 15–20 м/с. Күндіз батыста, оңтүстікте қатты ыстық 35–38 градус күтіледі. Батыста, оңтүстікте өрт қаупі жоғары сақталады.
Ақмола облысында жаңбыр, найзағай, солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында кей уақытта қатты жаңбыр, күндіз бұршақ, екпінді жел күтіледі. Түнде және таңертең батыста, оңтүстікте тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстікке ауысып, батыста, солтүстікте, шығыста екпіні 15–20 м/с. Батыста, солтүстікте, оңтүстікте өрт қаупі жоғары сақталады. Көкшетау қаласы: кей уақытта жаңбыр, найзағай. Жел солтүстіктен күндіз екпіні 15–20 м/с.
Атырау облысында күндіз қатты ыстық 35–38 градус күтіледі. Облыс бойынша өрт қаупі жоғары сақталады, солтүстік-батысында өрт қаупі төтенше. Атырау қаласы: 22 шілде күндіз қатты ыстық 35–36 градус күтіледі. Өрт қаупі жоғары сақталады.
Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында түнде аздаған жаңбыр, найзағай, күндіз батысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең батыста тұман күтіледі. Күндіз қатты ыстық 38 градус күтіледі. Солтүстігінде, орталығында өрт қаупі жоғары сақталады, солтүстік-шығысында өрт қаупі төтенше сақталады. Ақтау қаласы: күндіз кей уақытта жаңбыр, найзағай. Түнде және таңертең тұман күтіледі.
Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында жаңбыр, найзағай, түнде таулы аудандарында қатты жаңбыр, бұршақ, орталығында түнде жаңбыр, найзағай, күндіз аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстікте, шығыста, таулы аудандарда екпіні 15–20, шығыста кейде 23–28 м/с. Облыс бойынша өрт қаупі төтенше сақталады. Талдықорған қаласы: түнде жаңбыр, найзағай, күндіз аздаған жаңбыр, найзағай. Өрт қаупі төтенше сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде түнде жаңбыр, найзағай, шығысында, оңтүстігінде қатты жаңбыр, күндіз солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ, екпінді жел күтіледі. Түнде және таңертең батыста, шығыста, оңтүстікте тұман күтіледі. Жел солтүстіктен түнде батыста, солтүстікте екпіні 15–20 м/с, күндіз 15–20, солтүстікте, шығыста, оңтүстікте екпіні 23–28 м/с. Петропавл қаласы: жаңбыр, найзағай, бұршақ, екпінді жел. Жел солтүстіктен күндіз 15–20, екпіні 25 м/с.
Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, екпінді жел күтіледі. Түнде және таңертең батыста, солтүстікте тұман. Жел солтүстіктен батыста, оңтүстікте, шығыста екпіні 15–20 м/с. Батыста, шығыста, орталықта өрт қаупі жоғары сақталады, оңтүстігінде өрт қаупі төтенше күтіледі. Қостанай қаласы: күндіз жаңбыр, найзағай.
Жамбыл облысының оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында түнде жаңбыр, найзағай, күндіз оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында жаңбыр, найзағай, таулы аудандарында кей уақытта қатты жаңбыр, бұршақ, екпінді жел күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып, оңтүстік-батыста, солтүстік-шығыста, таулы аудандарда 15–20 м/с, күндіз екпіні 23–28 м/с. Облыс бойынша өрт қаупі төтенше сақталады. Тараз қаласы: күндіз жаңбыр, найзағай. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып, күндіз екпіні 15–20, кейде 23 м/с. Өрт қаупі төтенше сақталады.
Қызылорда облысында күндіз жаңбыр, найзағай, шығысында кей уақытта қатты жаңбыр, оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында, орталығында екпінді жел, бұршақ, шаңды дауыл күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан күндіз оңтүстікте, солтүстікте, шығыста, орталықта 15–20 м/с. Облыс бойынша өрт қаупі төтенше сақталады. Қызылорда қаласы: жаңбыр, найзағай, екпінді жел. Жел батыстан, солтүстік-батыстан күндіз екпіні 15–20 м/с. Өрт қаупі төтенше сақталады.
Павлодар облысында жаңбыр, найзағай, батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қатты жаңбыр, күндіз бұршақ, екпінді жел күтіледі. Жел батыстан батыста, солтүстікте, оңтүстікте екпіні 15–20, кейде 23–28 м/с. Солтүстік-шығыста, оңтүстікте, орталықта өрт қаупі жоғары күтіледі. Павлодар қаласы: жаңбыр, найзағай, күндіз қатты жаңбыр, бұршақ, екпінді жел. Жел батыстан екпіні 15–20, кейде 23–28 м/с.


