Audi компаниясы еуропалық нарыққа арналған жаңа компактты электромобиль A2 e-tron-ды ресми түрде ұсынды. Жаңалықтың басты ерекшелігі — тиімділік: энергия шығыны 100 км-ге небәрі 12,8 кВт·сағ, ал WLTP циклі бойынша запас ходы 646 км-ге жетеді, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Audi A2 e-tron марка тарихындағы ең тиімді сериялық модель деп аталуда. Электрокардың аэродинамикалық кедергі коэффициенті 0,24-ті құрайды, ал сатып алушыларға қуаты әртүрлі төрт нұсқа және батареяның үш түрі ұсынылады. Максималды жүру қашықтығы 646 км-ге жетеді.

Салонда панорамалық MMI дисплейі, 11,9 дюймдік цифрлық панель және 12,8 дюймдік сенсорлық экран орнатылған. Сондай-ақ, жасанды интеллекті бар Audi ассистенті және e-tron маршрут жоспарлаушысы қолжетімді.

Бағасы — €38,2 мыңнан бастап.

Audi A2 e-tron өндірісі Ингольштадттағы зауытта жолға қойылады. Германияда тапсырыстар 10 қыркүйектен бастап қабылданады, ал алғашқы жеткізілімдер 2026 жылдың желтоқсанына жоспарланған.

Бастапқы бағасы €38,2 мыңды (шамамен 20,2 млн теңге) құрайды. Осылайша Audi еуропалық нарықтың компактты сегментінде өз позициясын нығайтуды көздейді, онда неміс бренді қолжетімді қытайлық «электромобильдермен» бәсекелесуге мәжбүр.

Қазақстан үшін бұл модель еуропалық электрокар нарығының қай бағытта дамып жатқанының мысалы ретінде қызықты: компактты корпус, салыстырмалы түрде қолжетімді баға және максималды қуатқа емес, тиімділік пен запас ходына басымдық беру.

Бұған дейін Курсив Авто Норвегия нарығының 99%-ын жаңа электромобильдер алып қойғанын хабарлаған болатын.