Ауылым – алтын бесігім!
Ауылым – алтын бесігім,
Халқыңның сенде несібі.
Ашық болсын әрдайым
Кең далаңның есігі!
Алысқа кетсем сағынғам,
Өзіңде айттық қаншама ән!
Бұл күндегі жан достар
Дәл өзіңде қауышқан.
Ыстық қой сенің тауларың,
Алмаға толы бауларың.
Мөлдір таза суыңды
Кәусар суға баладым.
Көктерегім – құт мекен
Бабаларым айтқан сөз.
Шындығында рас екен
Өсе келе ұқтым мен.
Құшаққа алып халқыңды,
Бақытқа бөлеп келесің.
Болам деген ұл - қызға
Бар жігерді бересің.
Гүлдене бер, ауылым,
Көркейе бер, ауылым.
Жырыма сені қосады
Өзің деп соққан жүрегім!
Түркістан облысы,
Түлкібас ауданы, Көктерек ауылы,
«Көктерек» шағын жинақты бастауыш мектебінің
3 - сынып оқушысы Талдыбек Хадиша
Ауылым – алтын бесігім!
Ауылым – алтын бесігім!
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз499 қаралым
#туған жерім#ауылым алтын бесігім#менің ауылым#туған жер өлең
Ұсынылады
Ұлы Жеңіске мың тағзым!
Жеңіс күні - еліміз үшін орны ерекше мереке. Нағыз ұлтшылдықты оятатын, рухани сезім беретін, тарихымызды ескеріп, сол жеңісті сыйлаған ардагерге бас иетін жеңісті күн. Әлемді дүр сілкіндірген Ұлы ...
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
Ұлы Жеңіске мың тағзым!
Жеңіс күні - еліміз үшін орны ерекше мереке. Нағыз ұлтшылдықты оятатын, рухани сезім беретін, тарихымызды ескеріп, сол жеңісті сыйлаған ардагерге бас иетін жеңісті күн. Әлемді дүр сілкіндірген Ұлы ...
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
Шалқан ертегісі
<!--/sizestart-->Шалқан ертегісі<!--sizeend-->
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

